МЕНЮ

Жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында «Әбіш оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңінің жүлдегерлері анықталды

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 10 сәуір күні Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталық базасында, орта білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық облыстық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты - Мектеп оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту,жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу тарихи танымдарын, ізгілікке демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана - сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.

Байқау 5 номинация бойынша өтті:

1. Ә. Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу.
2. Ә. Кекілбаев шығармаларын (прозасы, поэзиясынан)мәнерлеп оқу.
3. Ә. Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы.
4. Ә. Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым.  
5. Ә. Кекілбаевтың шығармалары бойынша ақындар мүшәйрасы.

Байқауға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының және облыстық білім басқармасына қарасты мекемелерден 83 оқушысы қатысты.

• Байқаудың нәтижесі бойынша I орынды - 4 оқушы, II орынды - 8 оқушы, III орынды - 12 оқушы және сахналық қойылым бағыты бойынша үздік қойылым номинацияларымен, терең білімі үшін грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық оқушыларға сертификаттар берілді.

• Әр бағыт бойынша I орынды иеленген жеңімпаз оқушылар және «Үздік қойылым» номинациясымен марапатталған топ республикалық «Әбіш оқулары» ғылыми-шығармашылық  байқауының қорытынды  кезеңіне жолдама алды.

Шығармашыл оқушыларды жүлделі орындарымен құттықтаймыз! 

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar