2026 жылғы 8-12 сәуір аралығында Астана қаласында өткен жалпы білім беретін 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми конкурсына Жамбыл облысынан 10 оқушы қатысып, 8 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
Аталған зияткерлік конкурс «Ғарышкерлер күні мен Ғылыми қызметкерлер» күніне орай ұйымдастырылды. Конкурсқа Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Қытай (Гонконг арнайы әкімшілік аймағы) мен Түркиядан 200 оқушы және 20 ғылыми жетекші қатысты.
Конкурс нәтижесінде Тараз қалалық білім бөлімінің № 40 гимназиясының 10 сынып оқушылары жүлделі l орындарымен:
1) Омарова Адина,
2) Щербаков Федор,
3) Жаманкул Инсар
№ 40 гимназиясының 9-сынып оқушылары жүлделі ІІІ орындарымен:
1) Фаст Кирилл,
2) Мельников Виктор,
3) Хегай Максим марапатталды.
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 9 сынып оқушылары жүлделі ІІ орындарымен:
1) Рахым Нұрсәт,
2) Сәкенұлы Мирас марапатталды.
Тараз қалалық білім бөлімінің №12 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушылары Алғыс хаттармен:
1) Абдықадыр Ерасыл,
2) Болатбек Арнұр марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!