МЕНЮ

Орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, құқық негіздері пәндері бойынша республикалық олимпиаданың үздіктері анықталды!

2026 жылдың 9-13 сәуір аралығында Шымкент қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі және құқық негіздері пәндері бойынша өткен білім додасында Жамбыл облысының намысын қорғаған 12 оқушының 5-еуі жүлделі орындарға ие болып, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдары мен медальдарын иеленді.

І дәрежелі диплом және алтын медалін - 1 оқушы, ІІ дәрежелі диплом және күміс медалін - 1 оқушы, ІІІ дәрежелі диплом және қола медалін - 3 оқушы иеленіп жеңімпаз атанса, өз білімімен ерекшеленгені үшін - 3 оқушы грамотамен марапатталды.

ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДАҒЫ МАҚТАНЫШТАРЫМЫЗ!

І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ЖӘНЕ АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ:

• ҒАБИТ АЯУЛЫМ – Тараз қаласы, Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының 10 сынып оқушысы (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәні);

ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ЖӘНЕ КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕГЕРЛЕРІ:

• ДЖАПАРОВА АЛИЯ - Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернатының 10 сынып оқушысы (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәні);

ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ЖӘНЕ ҚОЛА МЕДАЛЬ ИЕГЕРЛЕРІ:

• АКБАЕВ РАМАЗАН – Тараз қаласы, №24 гимназиясының 11 сынып оқушысы (орыс тілі мен әдебиеті пәні);
• КОГАЙ АЛЕКСАНДРА – Тараз қаласы, №40 гимназиясының 10 сынып оқушысы (орыс тілі мен әдебиеті пәні);
• ДАУЛЕТ ДИЛЯРА - Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернатының 11 сынып оқушысы (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәні);

ГРАМОТА ИЕГЕРЛЕРІ:

• КОБОЕВА ДЕНИЗ – Меркі ауданы, М.Әуезов атындағы мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы (орыс тілі мен әдебиеті);
• МУРЗАБАЕВА АЗАЛИЯ – Қордай ауданы, №4 Б.Бөлтіркова атындағы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәні);
• БОЛАТ АРУЖАН - Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернатының 10 сынып оқушысы (құқық негіздері пәні);

Дарынды оқушыларымыздың бұл жарқын жетістігі - білім мен табандылықтың айқын көрінісі.

Жеңімпаз оқушыларды және оларды дайындаған мұғалімдерді шын жүректен құттықтаймыз! Жас дарындарға алдағы білім белестерінде толағай табыстар тілейміз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar