МЕНЮ

«Ұлттық тарих күні» тарихи зерттеу жобалары конкурсының облыстық іріктеу кезеңі

Бүгін «Qazaq» foundation мен «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Ұлттық тарих күні» тарихи зерттеу жобалары конкурсының облыстық іріктеу кезеңі жоғарғы деңгейде өтті.

Облысымыздан аталған конкурсқа 66 оқушы қатысып, бақ сынады. Конкурс 3 бағыт бойынша ұйымдастырылды.

- Бұл тағылымы мол конкурсының басты мақсаты – халқымыздың бай тарихын дәріптеу, өткенімізді құрметтеп, болашақ ұрпаққа аманат ету. Қатысушылар өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, ұлттық құндылықтарды насихаттауға үлкен үлес қосты.

- Байқау барысында ел тарихының маңызды кезеңдері еске алынып, ата-бабаларымыздың ерлігі мен мұрасы кеңінен таныстырылды. Әрбір қатысушының еңбегі – тарихқа деген құрметтің айқын көрінісі.

- Барша қатысушыларға сертификаттар табысталып, дәрежелі димломдармен марапатталды. Сондай-ақ, ұстаздарымыз бен әділ-қазылар алқасына Алғыс хаттар табысталды!

Ұлттық тарихымыз – біздің ертеңіміз бен бүгінгі болашағымыз, ертеңгі мақтанышымыз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar