МЕНЮ

Интеллект (АІ) және ІТ бағыттарын таныстыру бойынша оқушыларымен экскурсия ұйымдастырылды

Бүгін «Zhambyl Hub» дербес кластерлік қорының ұйымдастыруымен жасанды интеллект (АІ) және ІТ бағыттарын таныстыру бойынша «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ лицей-интернаты» оқушыларымен экскурсия ұйымдастырылды.

Жасанды интеллект және ІТ әлеміне саяхат!

Бүгін қатысушыларға AI және IT бағыттарын таныстыру мақсатында қызықты экскурсия ұйымдастырылды. Қатысушылар заманауи технологиялармен танысып, болашақ мамандықтардың қыр-сырын білді.

Экскурсия барысында жасанды интеллекттің мүмкіндіктері, бағдарламалау негіздері және ІТ саласының даму перспективалары жайлы ақпарат берілді. Қатысушылар ерекше әсер алып, жаңа білімге қадам жасады!

- Болашақ - технологияда!

- Ал сен дайынсың ба?

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar