Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 21 сәуір күні Тараз қаласы білім бөлімінің Нарғозы Данаев атындағы орта мектебiнің базасында жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты - мектеп оқушылары арасында Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант табиғи дарындыларын анықтау.
Байқауға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының және облыстық білім басқармасына қарасты мекемелерден 60 оқушы қатысты.
Байқау 5 номинация бойынша өтті:
1. «Ілияс - эпик ақын» шығарманы жалғастыру номинациясы;
2. «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап» жас ақындар номинациясы;
3. «Ілияс - қарасөз шебері» көркемсөз оқу номинациясы;
4. «Сұлу сөздің сүлейі» шығарманың көркемдік құрылысын талдау номинациясы;
5. «Заманның заңғар тұлғасы» буктрейлерлер номинациясы.
Байқаудың нәтижесінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының І дәрежелі дипломын - 4 оқушы, ІІ дәрежелі дипломын - 9 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломын - 15 оқушы иеленіп, терең білімі үшін грамоталармен марапатталды.
Сонымен қатар, барлық оқушыларға сертификаттар берілді.
Жеңімпаз оқушыларды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!