2026 жылдың 20-22 сәуір күндері Астана қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен «Астана дарыны» орталығының ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушыларына арналған химия және биология пәндері бойынша «KERUEN SGIENCE» республикалық олимпиадасы өтті, дода жас зияткерлердің білімін саралады.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың химия және биология пәндеріне қызығушылығын арттыру, білім деңгейін жоғары деңгейде жетілдіру және болашақ ғылыми әлеуетін қалыптастыру.
Олимпиада екі кезеңнен тұрады:
- І кезең – теориялық тур;
- ІІ кезең – практикалық тур.
Білім додасына Жамбыл облысынан 10 оқушы қатысып, нәтижесінде 5 оқушы жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болды.ІІ дәрежелі диплом және күміс медалін – 1 оқушы, IIІ дәрежелі диплом және қола медалін – 4 оқушы иеленіп жеңімпаз атанса, өз білімімен ерекшеленгені үшін 1 оқушы грамотамен марапатталды.
БІЗДІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫМЫЗ:
ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ЖӘНЕ АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ:
- ҚАҢТАРБАЙ АЛЬРАМИ - Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 7 сынып оқушысы (биология пәні);
ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ, КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕГЕРЛЕРІ:
- КАРИМ АМИР – Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8 сынып оқушысы (биология пәні);
- ТУРСУНГАЛИЕВА ТАМИРИС – Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 7 сынып оқушысы (химия пәні);
- КӨШКІМБАЙ ӘМИНА - Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 8 сынып оқушысы (химия пәні);
- АЙТЖАН АНЕЛЬ - Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 8 сынып оқушысы (химия пәні).
ГРАМОТА ИЕГЕРІ:
САБЫР ЕРКИН - Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 7 сынып оқушысы (биология пәні).
Жеңімпаз оқушыларды және оларды дайындаған мұғалімдерді шын жүректен құттықтаймыз! Жас дарындарға алдағы білім белестерінде толағай табыстар тілейміз!