МЕНЮ

Қашқынбай Кәусар - «Үздік ауыл мектебінің оқушысы - 2026» республикалық олимпиада жеңімпазы!

2026 жылдың 3-21 сәуір аралығында өткен 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Т.Рысқұлов ауданы, №6 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Қашқынбай Кәусар жоғары нәтиже көрсетіп, «ҮЗДІК АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ – 2026» атағына ие болды.

ҚАШҚЫНБАЙ КӘУСАР - Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша І дәрежелі диплом және алтын медаль иегері. SDU UNIVERSITY Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша 2026-2030 оқу жылдарына 100% жеңілдік иегері атанған болатын.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндері бойынша І дәрежелі диплом және алтын медаль иегері сондай-ақ Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің Қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасы бойынша грант иегері атанды.

Кәусар өз білімін дәлелдеп, республикалық деңгейдегі үздіктер қатарынан көрінді.Бұл марапат оқушының қажырлы еңбегі мен білімге деген құштарлығының айқын көрінісі.

Жас дарынды үлкен жетістігімен дайындаған мұғалімін шын жүректен құттықтаймыз! Кәусарға алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar