МЕНЮ

Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 5 мамыр күні Тараз қаласының білім бөлімінің Ш.Самаханұлы атындағы №44 орта мектебінің базасында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы «Мағжан оқулары» ғылыми-шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өтті.

Мағжан оқуларының негізгі мақсаты - қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

Абай оқуларының негізгі міндеттері ақын шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлттың рухани мұрасына меңгертіп, оқушылардың интеллектуалдыпайым-парасатын арттыру.

Конкурсқа аудандық, қалалық білім беру ұйымдарынан және облыстық білім басқармасына қарасты мекемелерден 45 оқушы қатысты.

Конкурс 4 номинация бойынша өтті:

  1. «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» жатқа оқу номинациясы;

  2. ⁠«Жасынан оқу оқып, өнер қуған...» ғылыми жоба номинациясы;

  3. ⁠«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» жас дарындар номинациясы;

  4. «Бәрінен де сен сұлу» номинациясы;

Конкурстың нәтижесі бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының І дәрежелі дипломын - 4 оқушы, ІІ дәрежелі дипломын - 7 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломын - 10 оқушы иеленіп, терең білімі үшін грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық оқушыларға сертификаттар берілді.

Шығармашыл оқушыларды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar