МЕНЮ

Облыстық 5-8 сынып сынып оқушыларына арналған «Eco-Future» тақырыбындағы экодизайнерлер байқауының облыстық кезеңі 5 мамыр күні өткізілді

5-8 сынып оқушыларына арналған «Eco-Future» тақырыбындағы экодизайнерлер байқауының облыстық кезеңі өтті.

2026 жылдың 5 мамыр күні «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында «Эко-күнтізбе» айдарында жоспарланған 5-8 сынып оқушыларына арналған «Eco-Future» тақырыбындағы экодизайнерлер байқауының облыстық кезеңі «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының базасында онлайн форматта өтті.

Байқаудың мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаны қорғауға, өз туған өлкесінің экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған дизайнерлік қабілетін, креативті ойлау әлеуеті мен қоғамдық белсенділігін дамыту.

Облыстық байқауға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарынан 53 оқушы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша I орынды - 9 оқушы, II орынды - 11 оқушы, III орынды - 9 оқушы иеленіп, арнайы дипломдармен марапатталды.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar