Жамбыл облысында өткен «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасы ауыл мектептеріндегі дарынды оқушылардың білімге деген құштарлығы мен биік әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Биыл облыс бойынша олимпиаданың І кезеңіне 3233 оқушы қатысып, үздіктер қатарынан суырылып шыққан 530 оқушы ІІ кезеңге жолдама алды.
Нәтижесінде, Жамбыл облысынан 96 оқушы жеңімпаз атанып, республикалық деңгейдегі мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқу мүмкіндігіне ие болды.
«Мың бала» олимпиадасы – ауыл баласының арманын асқақтатып, үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды білім алаңы. Бұл – талап пен таланттың, білім мен болашаққа деген сенімнің жарқын көрінісі.