2026 жылдың 12-13 мамыр күндері Астана қаласында өткен «Robotek Grand Tournament Astana» бесінші халықаралық робототехника чемпионатының финалдық кезеңінде Тараз қалалық білім бөлімінің №67 орта мектебінің 5-сынып оқушысы Жұмағалиев Әли І орын иегері атанды!
Жетекшісі: Мәдибаев Мұрат Қайратұлы.
Чемпионатта облыс мерейін асырып, жоғары нәтиже көрсеткен жас талант пен жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз!
Робототехника - болашақ технологиясының негізі, ал жас өнертапқыштардың осындай жетістіктері еліміздің ғылым мен инновация саласындағы зор әлеуетін айқындай түседі.
Бұл - білімге деген құштарлықтың, табанды еңбектің және шығармашылық ізденістің айқын жемісі. Осындай жарқын жеңістеріңіз көбейіп, биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз!