МЕНЮ

5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың үздіктері анықталды

2026 жылдың 14 мамыр күні Тараз қаласы, Қ.Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының базасында Жалпы білім беретін пәндер бойынша  5-6 сынып оқушыларына арналған олимпиаданың республикалық кезеңі өтті.

Облыстық кезеңнен І орын иеленген 19 оқушы қатысып, нәтижесінде 13 оқушы жүлделі орынға ие болса, өз білімімен ерекшеленгені үшін 4 оқушы грамота алды.

І орын - жаратылыстану пәні бойынша Тараз қаласы, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы СЕРІК АЛИХАН;
• Қазақстан тарихы пәні бойынша – Т.Рысқұлов ауданы, Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінің 6 сынып оқушысы МАНАРБЕК ДИАС;
• Ағылшын тілі пәні бойынша – Шу ауданы, Жібек жолы мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы КАЛТАЙ ҚАСЫМ.

II орын математика пәні бойынша – Тараз қаласы, №45 қазақ классикалық гимназиясының 5 сынып оқушысы АНАРБАЙ АЛДИЯР;
• Математика пәні бойынша – Тараз қаласы, «Зерделі Тараз» мектебінің 6 сынып оқушысы МӘЛІКТАЙ АЛДИЯР;
• Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша – Т.Рысқұлов ауданы, Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектебінің 5 сынып оқушысы ІЛЕСБЕК РИНАТ;
• Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша – Тараз қаласы, #34 орта мектептің 5 сынып оқушысы АБДУСОВА АЗАЛЯ;
• Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша – Меркі ауданы, М.Әуезов атындағы мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы КАЛАШНИКОВА АДЕЛИНА;
• Қазақстан тарихы пәні бойынша – Тараз қаласы, #16 орта мектебінің 5 сынып оқушысы МУКУМОВ АНВАР;
• Ағылшын тілі пәні бойынша – Тараз қаласы, «Зерделі Тараз» мектебінің 6 сынып оқушысы УӘЛИ АЙАРУ.

ІІІ орын Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша – Тараз қаласы, Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияның 6 сынып оқушысы ТОЙТОЕВ НУРЕЛ;
• Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша – Меркі ауданы, И.Трубицын атындағы №17 мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушысы УМАРАЛИЕВА МАЛИКА;
• Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәні бойынша – Мойынқұм ауданы, Т.Рысқұлов атындағы тірек мектептің 6 сынып оқушысы ҚОЖАХАН КӘУСАР иеленді.

Жеңімпаз оқушыларымызды және оларды дайындаған ұстаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Жас дарындарға алдағы білім белестерінде тек қана сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar