МЕНЮ

Облыс оқушылары республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауында жеңімпаз атанды

2026 жылдың 13-15 мамыр күндері «Дарын» РҒПО-ның ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты – мектеп оқушылар арасында Ілияс Жансүгіров шығармаларын насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындыларын анықтау.

Жамбыл облысынан байқауға қатысқан 4 оқушының 2-і жеңімпаз атанып, 1 оқушы грамотамен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының:

І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ЖӘНЕ БАҒАЛЫ СЫЙЛЫҚ ИЕГЕРЛЕРІ:

ҚАЛЫҚБЕК АЗИЗА – Т.Рысқұлов ауданы, №6 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы;

МЫРЗАБЕК ЕРЗАТ – Т.Рысқұлов ауданы, Құлан мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен:

МАКИШ АРУЖАН – Мойынқұм ауданы, К.Қасымов атындағы шағын орталықты орта мектебінің 10-сынып оқушысы марапатталды.

Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar