МЕНЮ

Аймақтық «Кәмен оқулары» байқауының жеңімпаздары

2026 жылдың 15 мамыр күні Абай облысы, Абай ауданында көрнекті халық жазушысы, абайтанушы, мұхтартанушы, майдангер, ұстаз Кәмен Оразалин атындағы көркемсөз шеберлерінің аймақтық «Кәмен оқулары» байқауы өтті.

Байқауға Жамбыл облысынан 2 оқушы қатысып, нәтижесінде 2-і де жеңімпаз атанды.

БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ:

- АМАНТАЙ АЙЫМЖАН - Жамбыл ауданы, Айшабибі орта мектебінің 9-сынып оқушысы.

«Әдебиет – қоғамның айнасы» - жазушы шығармаларынан жатқа үзінді оқу және «Абай ауылына саяхат» - кітап бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру бағыттарының жеңімпазы.

III ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ:

- ҚАЛМАН АЙЕРКЕ - Жамбыл ауданы, Айшабибі орта мектебінің 8-сынып оқушысы.

«Жазушы Кәмен Оразалиннің шығармашылығы» - ғылыми жоба бағытының жүлдегері.

ЖЕҢІМПАЗ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar