«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы және Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетімен бірлесе 2026 жылдың 18-20 мамыр күндері аралығында жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында Х республикалық «Шерхан Мұртаза оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауы Тараз қаласында өтті.
Ережеге сәйкес байқау 3 номинация бойынша өтті:
1. «Жүрекке жол тапқан жұлдыз көпір» - шығармалары негізінде теориялық сұрақтарға жауап беру номинациясы;
2. «Зау тұлға» - өз шығармаларын жатқа оқу номинациясы;
3. «Шерхан Мұртаза мұрасы» - ғылыми жоба номинациясы.
Республикалық байқау Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің базасында өтті.
Республикалық байқауға Жамбыл облысынан 6 оқушы қатысып, нәтижесінде «Дарын» РҒПО-ның І дәрежелі дипломын – 2 оқушы, ІІ дәрежелі дипломын – 1 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломын – 2 оқушы иеленді.
Атап айтсақ:
І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ:
- НҰРЛАНҰЛЫ НҰРДАН - Сарысу ауданы, Абылайхан атындағы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;
- МЫРЗАБЕК ЕРЗАТ - Т.Рысқұлов ауданы, Құлан мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы.
ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРІ:
- НҰРГЕЛДІ ГҮЛІМ - Тараз қаласы, №66 орта мектебінің 9 сынып оқушысы.
ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ:
- АЙМАХАН ЕРХАН - Шу ауданы, №40 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
- ЕРМУХАН СЫМБАТ – Тараз қаласы, №64 орта мектебінің 10 сынып оқушысы.
Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз!