МЕНЮ

Математика пәнінен республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды!

2026 жылдың 19 мамыр күні «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы мен «Зерделі» ақыл-ой дамыту ЖШС-нің ұйымдастыруымен Тараз қаласы, «Зерделі Тараз» мектебінің базасында  математика пәнінен «Алтын сақа» олимпиадасының республикалық кезеңі өтті.

Олимпиаданың республикалық кезеңіне өңірімізден 3-4 және 5-6 сыныптардан 20 оқушы қатысты.

Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша  10 оқушы жеңімпаз атанып, I дәрежелі дипломды 1-оқушы, II дәрежелі дипломды - 4 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломды 5-оқушы және  терең білімімен ерекшеленгені үшін 1 оқушы грамотамен марапатталды.

I ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ:

- УАЛИ АЛИНҰР – «Зерделі Тараз» мектебінің 6 сынып оқушысы.

II ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ:

- ӘЛІМХАН НҰРБЕК - Тараз қаласы, Б. Момышұлы атындағы №45 гимназияның 3 сынып оқушысы;
-ТАЛҒАТ ӘМИНА - Тараз қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы;
- АМАНГЕЛДІ БЕКНҰР - Тараз қаласы, «Зерделі Тараз» мектебінің 5 сынып оқушысы;
- МӘЛІКТАЙ АЛДИЯР - Тараз қаласы, «Зерделі Тараз» мектебінің 6 сынып оқушысы.

ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ:

- АЗИМОВ АХМАД - Тараз қаласы, А.Бөкейханов атындағы №1 гимназияның 3 сынып оқушысы;
- АЙДАРХАН ӘДІЛЖАН - Тараз қаласы, №66 орта мектебінің 4 сынып оқушысы;
- АНАРБАЙ АЛДИЯР - Тараз қаласы, Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының 5 сынып оқушысы;
- ЖАНБАТЫР СУЛТАН - Тараз қаласы, А.Бөкейханов атындағы №1 гимназияның 5 сынып оқушысы;
- ҚАЙРАТҚЫЗЫ АЙСЕЗІМ - Тараз қаласы, «Зерделі Тараз» мектебінің 6 сынып оқушысы.

Терең білімі үшін Тараз қаласы, Ш. Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы Ернар Абдинур грамотамен марапатталды.

Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar