МЕНЮ

Жеңіс тұғырында Жамбылдық жас дарындар!

2026 жылдың 19-22 мамыр күні Астана қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өз мәресіне жетті.

Нәтижесінде 6 оқушы жүлделі орындарды иеленді. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдары мен медальдары мен марапатталып облыс намысын абыроймен қорғады. ІІ дәрежелі диплом және күміс медалін - 3 оқушы, IIІ дәрежелі диплом және қола медалін - 3 оқушы иеленіп жеңімпаз атанса, өз білімімен ерекшеленгені үшін 5 оқушы грамотамен марапатталды.

Біздің жеңімпаздар мен жүлдегерлері:

ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ:

• САХАРОВ ДАВИД - Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 7 сынып оқушысы;

• ОРОКБАЕВА АРУУКЕ - Тараз қаласы, Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия 8 сынып оқушысы.

• САБЫРЖАН ҚАЙНАР - Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 7 сынып оқушысы;

ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРЛЕРІ:

• АКУЛОВА ВАЛЕРИЯ - Тараз қаласы, №24 гимназияның 8 сынып оқушысы;

• КУДАЙБЕРГЕНОВА КАУСАР - Тараз қаласы, Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы;

• ОРАЗХАН ЕРАСЫЛ - Меркі ауданы, М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы;

ГРАМОТА ИЕГЕРЛЕРІ:

• ДАНИЯРБЕК НҰРИСЛАМ - Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 7 сынып оқушысы;

• ТЛЕУҚАБЫЛ АСФАНДИЯР - Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 7 сынып оқушысы;

• АСЕТ СҰЛТАН - Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8 сынып оқушысы;

• ЛЯШОК АЛЕКСАНДР - Тараз қаласы, №24 гимназияның  8 сынып оқушысы;

• НАДИРОВА РАЯНА - Тараз қаласы, №31 орта мектебінің 7 сынып оқушысы.

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar