МЕНЮ

Қ.Сәтбаев атындағы XIV аймақтық олимпиданың жеңімпаздары анықталды

2026 жылдың 25-28 мамыр күндері Павлодар қаласында Баянауыл кентінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен және «Ертіс дарыны» оқу-орталығының ұйымдастыруымен Қ.Сәтбаев атындағы XIV аймақтық олимпиадасы өз мәресіне жетті.

Олимпиаданың мақсаты – оқушыларды жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау жүйесін жетілдіру және болашақ ғылыми әлеуетін қалыптастыру.

Білім додасына Жамбыл облысынан 6 оқушы қатысып, нәтижесінде 3 оқушы жеңімпаз атанып, ІІІ дәрежелі дипломды – 3 оқушы, өз білімімен ерекшеленгені үшін 1  оқушы құрмет грамотасымен марапатталды.

ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:

• АБРАШ АМИРАЛИ - Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8 сынып оқушысы;
• АСЕТ СҰЛТАН - Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8 сынып оқушысы;
• ДАНИЯРБЕК НҰРИСЛАМ - Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 7 сынып оқушысы.

ГРАМОТА ИЕГЕРІ:

• КӨШКІМБАЙ ӘМИНА - Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 8 сынып оқушысы.

Жеңімпаз оқушыларды және оларды дайындаған мұғалімдерді шын жүректен құттықтаймыз! Жас дарындарға алдағы білім белестерінде толағай табыстар тілейміз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar