МЕНЮ

Мамандандырылған мектептерге және мамандандырылған әскери мектепке қабылдау өтті

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2026-2027 оқу жылына арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарына қабылдау жұмыстарын жүргізді.

Қабылдау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылды.

Конкурстық іріктеу 28–30 мамыр аралығында дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей базасында өткізілді. Іріктеу 5 мектепте ұйымдастырылып, 6 лек (поток) бойынша жүргізілді. Конкурсты өткізуге «Дарын» РҒПО-ның 5 қызметкері қатысты.

Іріктеу офлайн форматтағы тестілеу түрінде өтті.

Конкурстық іріктеуге барлығы 1510 оқушы тіркеліп, оның 1326-сы қатысты. Қатысу көрсеткіші 87,8%-ды құрады.

7-сыныпқа қабылданушылар келесі пәндер бойынша тест тапсырды:

- Математика және логика – 55 сұрақ;
- Оқу сауаттылығы – 10 сұрақ;
- Қазақстан тарихы – 10 сұрақ;
- Тестілеуге 120 минут уақыт берілді.

Тестілеу қазақ және орыс тілдерінде өткізілді.

Барлық тест тапсырмалары өткен оқу жылдарының бағдарламалары негізінде әзірленіп, оқушылардың білім деңгейі мен логикалық ойлау қабілетін бағалауға бағытталды. Қабылдау науқаны қолданыстағы талаптар мен ережелерге сәйкес ашық, әділ және ұйымдасқан түрде өткізілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar