2026 жылдың 21-24 маусым күндері аралығында Семей қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО, Абай облысының білім басқармасымен бірлесе ұйымдастыруымен жалпы білім беретін ұйымдардың 8-11 сынып оқушылары арасында XXVIІ республикалық «Абай оқулары» шығармашылық конкурсы өтті.
Байқауға Жамбыл облысынан 6 оқушы қатысып, нәтижесінде 4 оқушы жеңімпаз атанды. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің II дәрежелі диплом мен күміс медалін 2 оқушы, ІІІ дәрежелі диплом мен қола медалін - 2 оқушы иеленді. Сонымен қатар, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.
ІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ЖӘНЕ КҮМІС МЕДАЛЬ ИЕГЕРЛЕРІ:
- Құлданбек Нұрым - Меркі ауданы, №4 орта мектебінің 9 сынып оқушысы, «Абайдың асыл мұрасы» - өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқу номинациясы бойынша жеңімпаз;
- Қолқа Іңкәр - Мойынқұм ауданы, Шығанақ орта мектебінің 8 сынып оқушысы, «Әнді сүйсең менше сүй» - Абай және Шәкәрім, Ақылбай әндері мен күйлерін орындау шеберлігі номинациясы бойынша жеңімпаз.
ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ЖӘНЕ ҚОЛА МЕДАЛЬ ИЕГЕРЛЕРІ:
- Бейсенқұл Нұрбақыт - Меркі ауданы, №4 орта мектебінің 10 сынып оқушысы, «Абайдың ақын шәкірттері» - Шәкерім Құдайбердіұлы,Ақылбай Абайұлы,Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу номинациясы бойынша жеңімпаз;
- Мамыров Жан - Тараз қаласы, Н.Данаев атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы, «Абайдың асыл мұрасы» - өлеңдері мен қара сөздерін жатқа оқу номинациясы бойынша жеңімпаз.
Шығармашыл оқушыларды құттықтаймыз!