МЕНЮ

Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 29 қыркүйек күні Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың базасында жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті.

 Байқаудың мақсаты мен міндеті:

- Мектеп оқушылары арасында Махамбеттің ұлтына ұран болған рухы биік туындыларын насихаттау;
- Олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, тарихи санасы мен танымдарын,ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана – сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.

Байқауға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының және облыстық білім басқармасына қарасты мекемелерден 65 оқушы қатысты.

Байқау 5 номинация бойынша өтті:

1. «Нарында» - Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу;
2. «Ел құтқарар ер едім» - Махамбет шығармаларын жатқа оқу;
3. «Шашақты найза, шалқар күй» - Махамбет күйлерін орындау;
4. «Тартынбай сөйлер асылмын» - жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу;
5. «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңнен өткен ер» - «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау.

Байқаудың  нәтижесінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының І дәрежелі дипломын – 5 оқушы, ІІ дәрежелі дипломын - 10 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломын – 15 оқушы иеленіп, терең білімі үшін грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық оқушыларға сертификаттар берілді.

Жеңімпаз оқушыларды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar