11-сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша XIX Президенттік олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңінің апелляция жұмыстары өтетінін хабарлаймыз!
2026 жылдың 2 қазан күні сағат 10:00-12:00 уақыт аралығында Тараз қаласы, Дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының базасында XIX Президенттік олимпиаданың бірінші (өңірлік) кезеңіне қатысқан оқушыларға апелляция жұмыстары өтеді.
АПЕЛЛЯЦИЯ НҰСҚАУЛЫҒЫ:
«Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ресми сайтына кіреді.
Сайттан:
* Өзінің сканерленген жұмысын (аты-жөні жазылмаған) қарайды/таниды.
* Тексерілген жұмыстар бойынша олимпиаданың хаттамасы жарияланады.
* Оқушы өзінің жұмысына қойылған ұпайды хаттамадан қарайды.
Жұмысты объективті бағалау құқығын қамтамасыз ету мақсатында олимпиадаға қатысушылар әр тапсырмаға/тармаққа/бөлімге келіспеу себептерін көрсете отырып, белгілі бір нысан-өтінішті толтырып, апелляцияға беруге құқылы.
Апелляция өтінімі 2 қазан күні