XІХ Президенттік олимпиаданың екінші іріктеу кезеңі 2026 жылдың 16 қазанында Тараз қаласы Ә.Бөкейханов атындағы №1 мектеп-гимназиясы базасында ІІ турдан Smart.dаryn.kz сайтында өтті. Олимпиада барысында оқушылар жаратылыстану-математикалық циклы пәндері (математика, физика, химия және биология) бойынша тапсырмалар орындады.
Өңірімізден Олимпиадаға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының бұрын соңды республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған 18 оқушы қатысып, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы дайындаған тест тапсырмаларын орындап, эссе жазды.
Олимпиаданың ІІ іріктеу кезеңіне қатысқан оқушыларға сәттілік тілейміз.