Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 21 қазан күні Тараз қаласының білім бөлімінің №69 орта мектебінің базасында жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңі өтті.
Байқаудың мақсаты - қазақ тілі мен ұлттық өнерді құрметтейтін, шығармашылық ойлайтын, ойын дәлелді әрі көркем жеткізе алатын дарынды оқушыларды анықтау, қолдау және олардың шығармашылық дамуына жағдай жасау.
Байқауға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарынан және облыстық білім басқармасына қарасты мекемелерден 78 оқушы қатысты.
Байқау 6 номинация бойынша өтті:
«Шешендік өнер және сөз сайысы»;
«Көркемсөз оқу өнері»;
«Эссе және әдеби ойлау»;
«Ұлттық аспапта орындау»;
«Ақындар айтысы»;
«Ақындар мүшәйрасы».
Байқаудың нәтижесінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының І дәрежелі дипломын – 6 оқушы, ІІ дәрежелі дипломын - 12 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломын – 17 оқушы иеленіп, терең білімі үшін грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, барлық оқушыларға сертификаттар берілді.
І орын алған қатысушылар байқаудың республикалық қорытынды кезеңіне жолдама алды.
Жеңімпаз оқушыларды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!