2026 жылғы 22 қазанда «Білім-Инновация» ұлдар лицейінің базасында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен және «USTEM Foundation» қоғамдық қорымен бірлесіп, «STEM-білімге AI енгізу: сабаққа арналған практикалық құралдар және халықаралық AI-жарыстарға дайындық» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарға 60-қа жуық педагог қатысып, білім беру үдерісінде жасанды интеллектті тиімді қолдану, STEM бағытындағы заманауи технологияларды сабақта пайдалану және халықаралық AI-жарыстарға дайындық бойынша практикалық білімдерін жетілдірді.
Іс-шара педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға, инновациялық технологияларды оқу үдерісіне енгізуге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Семинар қорытындысы бойынша оқу-жаттығу семинарына қатысқан педагогтерге сертификаттар табысталды.