МЕНЮ

«Махамбет оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсы қорытындыланды

2026 жылдың 22-23 қазан күндері аралығында «Дарын» РҒПО және Атырау облысы білім беру басқармасының Таланттарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен Атырау қаласы, Абай атындағы оқушылар орталығының базасында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы «Махамбет оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсы өтті.

Жамбыл облысынан республикалық байқауға 5 оқушы қатысып, «Ел құтқарар ер едім» - Махамбет шығармаларын жатқа оқу номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломды Жұмахан Каусар, Байзақ ауданы, № 1 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы иеленді.

Сонымен қатар, «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңнен өткен ер» - «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау номинациясы бойынша Аман Ақсезім, Т.Рысқұлов ауданы, Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінің 10 сынып оқушысы және «Нарында» - Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу номинациясы бойынша Рымқұл Арайлым, Шу ауданы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы грамотамен марапатталды.

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar