МЕНЮ

Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңінің апелляция жұмыстары өтетінін хабарлаймыз!

2026 жылдың 30 қазан күні сағат 10:00-12:00 уақыт аралығында _*Google Meet* платформасы арқылы_ ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (облыстық) кезеңінің апелляциясы онлайн түрде өтеді.

АПЕЛЛЯЦИЯ НҰСҚАУЛЫҒЫ:

«Жамбыл дарыны» АҒПО ресми сайтына https://zhambyl-daryny.kz/oblastnaya-olimpiada.html кіреді.

Сайттан:

  • Өзінің сканерленген жұмысын ( аты-жөні жазылмаған) қарайды/таниды.
  • Тексерілген жұмыстар бойынша олимпиаданың xаттамасы жарияланады.
  • Оқушы өзінің жұмысына қойылған ұпайды хаттамадан қарайды.
  • Жұмысты обьективті бағалау құқығын қамтамасыз ету мақсатында Олимпиадаға қатысушылар әр тапсырмаға/тармаққа/ бөлімге келіспеу себептерін көрсете отырып, белгілі бір нысан-өтінішті толтырып, апелляцияға беруге құқылы.
  • Апелляция өтінімі 30 қазан күні сағат 9:30-ға дейін қабылданады.
  • Апелляцияға қазылар алқасының мүшелері және Олимпиадаға қатысушының өзі ғана қатысады.
  • Олимпиаданың қазылар алқасы апелляция нәтижелері бойынша апелляцияны қабылдамау, қойылған ұпайларды сақтау немесе апелляцияны қанағаттандыру және ұпайларды түзету туралы шешім қабылдайды.
  • Егер апелляция кезінде өзгерістер болса, қосымша хаттама жарияланады.
  • Қосымша сұрақтарыңыз бойынша байланыс телефоны: 8 776 388 22 02
  • Нұсқаулықпен әр оқушыны таныстыруыңызды сұраймыз
Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar