МЕНЮ

ІХ республикалық  «Іші-алтын, сырты-күміс сөз жақсысы...» шешендік өнер байқауында жеңімпаз атанды

2026 жылдың 28-29 қазан күндері аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО «Абай Ұлттық мектебі» РММ бірлесіп, желілік «Абай мектептері» жұмысын жандандыру мақсатында БҚО, Батыс Қазақстан Облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында ІХ республикалық  «Іші-алтын, сырты-күміс сөз жақсысы...» шешендік өнер байқауы өтті.

Байқауға Жамбыл облысынан 2 оқушы қатысып, нәтижесінде 1 оқушы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

ІІІ ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ЖӘНЕ 30 000 тг. ҚАРЖЫЛАЙ СЫЙЛЫҚ ИЕГЕРІ:

Серік Айару - Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы.

Жеңімпаз оқушыны шын жүректен құттықтаймыз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar