2026 жылдың 31 қазан мен 2 қараша аралығында өткен жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсына облысымыздан 5 оқушы қатысты.
- «Өлкемнің цифрлық шежіресі номинациясы бойынша Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Серікбай Аяулым жүлделі І орынды иеленді.
- «Бір жәдігер – бір тарих» номинациясы бойынша Меркі ауданы, Ә.Әлібекұлы атындағы №19 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Аманғали Аяла ІІІ орынды иеленді.
- «Ақылды өлке: болашаққа арналған шешім» номинациясы бойынша Меркі ауданы, Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Арманқызы Айлара ІІІ орынды иеленді.
- Менің шағын Отаным» республикалық конкурсына белсенді қатысып, өз білімдері мен ізденімпаздық қабілеттерін көрсетіп, туған өлкенің тарихы мен құндылықтарын танытуға үлес қосқан Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназиясының 10 сынып оқушысы Амангелді Айзере Грамотаға ие болды.
- «Менің шағын Отаным» республикалық конкурсына белсенді қатысқаны үшін Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы атындағы №22 орта мектептің 10-сынып оқушысы Ұзақбай Нұрасыл сертификат иеленді.
Құттықтаймыз!
Білім мен ізденістің биік үлгісін көрсеткен Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Серікбай Аяулым байқау қорытындысы бойынша Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университетінің білім беру грантын иеленді!
Жамбыл облысының мерейін асқақтатқан жеңімпаздарымызға ақ жол, толағай табыс, биік белестер тілейміз!