Жамбыл облысы, Тараз қаласында қаласында 2026 жылғы 31 қазан – 02 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты IX республикалық интеллектуалдық конкурсының республикалық қорытынды кезеңі өз мәресіне жетті.
Бұл байқаудың мақсаты – оқушылардың туған өлке тарихына қызығушылығын арттыру, өлкетану зерттеуін жүргізу, тарихи дереккөздерді іздеу, талдау және салыстыру, негізделген қорытындылар тұжырымдау, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін көпшілік алдында таныстыру дағдыларын дамыту.
Байқау Ережеге сәйкес үш кезең бойынша ұйымдастырылды. Алғашқы аудандық (қалалық) кезең 15 қазанда, ал облыстық кезең 21 қазанда бір күнде және бір уақытта smart.daryn.kz платформасында онлайн форматта өтті.
Биыл байқаудың ауқымы : аудандық кезеңге 6 200 оқушы, ал облыстық кезеңге 1103 қатысушы қатысып, өз жобаларын қорғады. Қатысушылар ұсынған жұмыстар туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасына, аймақтың дамуы мен болашағына арналған сан алуан бағыттарды қамтыды.
Облыстық кезеңнің нәтижесінде 90 үздік жобамен 103 қатысушы іріктеліп, олардың авторлары тарихы терең Тараз қаласында өткен республикалық кезеңде өзара бақ сынады. Оның ішінде 38 оқушы ауыл мектептерінің балалары болып табылады.
Қатысушылар екі тур бойынша сыналды: бірінші турда «Қазақстан тарихы» пәнінен онлайн-тест тапсырды, ал екінші турда өздерінің зерттеу және шығармашылық жобаларын қорғады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен қатар «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының бағалы сыйлықтарымен және грамоталарымен марапатталды.
ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ШЕШІМІ БОЙЫНША:
- I дәрежелі диплом – 10 оқушы;
- II дәрежелі диплом – 15 оқушы;
- III дәрежелі диплом – 23 оқушы;
- Құрмет грамотасы – 19 оқушыға бұйырды;
Барлық қатысушыға республикалық кезеңге қатысқандығын растайтын сертификаттар табысталды.
Конкурстың салтанатты жабылу рәсімі 2 қараша күні сағат 10:00 - Тараз қаласындағы «Бақытты болашақ» оқушылар сарайында өтті (Төле би көшесі, 74).