Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 11 қараша күні Тараз қаласы, «Konaev Smart School» мектебінде 8-11 сынып оқушылары арасындағы «Қазақтың біртуар ұлы – Дінмұхамед Қонаев» атты облыстық байқауы өтті.
Байқауға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының және облыстық білім басқармасына қарасты мекемелерден 50-ге жуық оқушы қатысты.
Байқау 3 бағыт бойынша өткізілді:
«Қазақтың біртуар ұлы Дінмұхамед Қонаев» атты ғылыми жоба бағыты - ғылыми зерттеу жұмыстарын қорғау;
«Дара тұлға ізімен» эссе жазу – қазылар алқасы тарапынан ұсынылған тақырыпқа эссе жазу;
«Дана тұлға, дара тұлға - Д.А.Қонаев» жас ақындар мүшәйрасы – арнау өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу.
Байқаудың мақсаты мен міндеті: – аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмірі мен шығармашылығын, еңбек жолын кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақты ұлттық патриотизм мен еңбексүйгіштікке баулу арқылы жастардың шығармашылығын шыңдау, ары қарай дамуына жол ашу.
Ұйымдастырушылар: Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы және Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің Д.А.Қонаев орталығы.
Байқаудың нәтижесінде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының І дәрежелі дипломын – 3 оқушы, ІІ дәрежелі дипломын – 6 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломын – 10 оқушы иеленіп, терең білімі үшін грамотамен марапатталды және барлық оқушыларға сертификат берілді.