МЕНЮ

Облыстық «Табиғат лирикасы» тақырыбындағы шығармашылық байқауы өтті

Облыстық «Табиғат лирикасы» тақырыбындағы шығармашылық байқауы өтті 2026 жылдың 11 қараша күні «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында «Эко-күнтізбе» айдарында жоспарланған 2-7 сынып оқушыларына арналған «Табиғат лирикасы» тақырыбындағы шығармашылық байқауының облыстық кезеңі онлайн форматта өтті.

Байқаудың мақсаты – оқушылардың  табиғаттағы көркем құбылыстарды сезіну қабілеттерін арттыру, ақындық өнері мен шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

Байқау екі бағыт бойынша ұйымдастырылды:

I бағыт – «Туған өлкем, табиғатың қандай көркем» бағыты – оқушылар өз туған өлкесіндегі табиғаттың көрінісінен алған әсерін бейнелеу.

II бағыт – «Жырлаймын сені, туған ел!» бағыты - туған өлке табиғатының әсемдігін, көркем құбылыстарын сипаттау мақсатында ақындық, шығармашылық қабілетін көрсету.

Облыстық байқауға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарынан 146 оқушы қатысып, оның ішінде 61 оқушы жеңімпаз атанды.

Байқау қорытындысы бойынша I - орынды 11 оқушы, II - орынды 24 оқушы, III - орынды 26 оқушы иеленіп, жеңімпаз атанды.

Жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar