МЕНЮ

9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті

9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі 2026 жылдың 20 қарашасында Облыстық білім басқармасына қарасты Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясының базасында өтті.

Ғылыми жоба конкурсының мақсаты: Ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету, сонымен қатар оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандырып, зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету.

Конкурс 19 секция 2 бағыт бойынша өткізілді:

І бағыт - «Жаратылыстану - математикалық пәндер бойынша»

Секциялар:

1. Математика. Қолданбалы математика 
2. Экономика және қаржы 
3. Физика. Инженерлік ғылымдар
4. Робототехника. STEM
5. Жер және ғарыш туралы ғылым. Астрономия
6. Цифрлық жүйелер мен технологиялар. Есептеу нейроғылымы
7. Креативті индустрия
8. Химия. Қоршаған орта химиясы
9. Биология және өмір туралы ғылымдар. Биохимия
10. Экология
11. География және туризм

ІІ бағыт: «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша»

Секциялар:

12. Тіл білімі (қазақ тілі)
13. Тіл білімі (орыс тілі) 
14. Тіл білімі (ағылшын тілі)
15. Әдебиет (қазақ, орыс)
16. Әдебиет (орыс)
17.Тарих. Адам және қоғам.
18. Әлемдік мәдени мұра. Түркі тілдес елдер мен қазақ халқының мәдениеті. Әлем халықтарының этнографиясы
19. Әлеуметтік желілер және маркетинг.

Конкурс барысында жас зерттеушілер өздерінің ғылыми ізденістері мен тың идеяларын сарапшылар назарына ұсынып, зерттеу жұмыстарының өзектілігі, жаңашылдығы, ғылыми негізділігі және практикалық маңыздылығы бойынша жобаларын қорғады. 
Аталған конкурс – оқушылардың ғылыми әлеуетін танытуға, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға және болашақ жас ғалымдардың қалыптасуына жол ашатын маңызды алаң.

9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсына аудандық, Тараз қаласының және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 763 оқушы 622 жоба қорғап, бақтарын сынады.

Сондай-ақ қатысушылардың зерттеу жұмыстарын өңіріміздің жоғарғы оқу орындарының оқытушы – ғалымдары бағалады.

Конкурстың бірінші турының жеңімпаздары мен жүлдегерлері  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және медальдарымен марапатталды.

Байқау қорытындысы бойынша 280 оқушы жеңімпаз атанды.

Жеңімпаз оқушыларды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar