МЕНЮ

Республикалық «Махамбет оқулары» байқауының облыстық кезеңі

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 20 қыркүйек күні Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының базасында жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында республикалық «Махамбет оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты - мектеп оқушылары арасында Махамбеттің ұлтына ұран болған рухы биік туындыларын насихаттау. Тарихи деректер бойынша тұжырым жасай білу дағдысына үйрету, түсініктерді деректермен, дәйексөзбен дәлелдеуге жаттықтыру.

Байқауға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының және облыстық білім басқармасына қарасты мекемелерден 67 оқушы қатысты.

Байқау 5 номинация бойынша өтті:

  1. «Ұлы арман» - иллюстрациялық суреттер салу бағыты
  2. «Ел құтқарар ер едім» - шығармаларын жатқа оқу бағыты
  3. «Шашақты найза, шалқар күй» - күй орындау бағыты
  4. «Тартынбай сөйлер асылмын» - өз шығармаларын оқыту бағыты
  5. «Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңнен өткен ер» - «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау бағыты.

Байқаудың нәтижесінде I орынды - 5 оқушы, II орынды – 10 оқушы, III орынды – 15 оқушы иеленді.

Әр бағыт бойынша I орынды иеленген жеңімпаз оқушылар «Махамбет оқуларының» республикалық кезеңіне жолдама алды.

Жүлдегерлерді жеңісімен құттықтаймыз!!!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar