МЕНЮ

Президенттік олимпиаданың бірінші өңірлік кезеңінің қорытындысы

Естеріңізге сала кетсек 2024 жылдың 9 қазан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 11-сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша XVІI Президенттік олимпиаданың бірінші өңірлік кезеңі Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының базасында апелляциясы өтті.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша I орынды - 6 оқушы, II орынды - 10 оқушы, III орынды - 13 оқушы иеленді.

Олимпиадаға қатысып терең білімімен ерекшеленгені үшін оқушы грамоталармен марапатталды.

І, ІІ жүлделі орындарға ие болған 16 оқушы ХVІI Президенттік олимпиаданың екінші тестілеу кезеңіне қатысуға жолдама алды.

Жеңімпаз оқушыларымызды құттықтаймыз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar