МЕНЮ

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық) кезеңі аяқталды

2024 жылдың 9-11 қазан аралығында ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданының ІІ (аудандық) кезеңі өтті.

Олимпиадаға өңірімізден жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 2404 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 2514 оқушы қатысып, www.ayul.daryn.kz платформасында тест тапсырмаларын орындады.

ІІ аудандық кезеңнің нәтижесі бойынша, ең жоғары ұпай жинаған 60 оқушы (әр пән және әр сынып бойынша 20 оқушы) қараша айында өтетін ІІІ облыстық кезеңге қатысуға жолдама алатын болады.

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar