МЕНЮ

IHO-2025 жолдамасы облыс қоржынында!

Елордада өткен дүниежүзі тарихынан «Republican History Olympiad» республикалық олимпиадасында Тараз қаласы, Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Қанат Нұрғанат Бақытжанұлы І орынды иеленіп, Франция астанасы Парижге жолдама алды.

Алғашқы кезеңдерде 2000-ға жуық оқушы бақ сынаған олимпиаданың республикалық кезеңінде үздік деп танылған 30 жас тарихшы аламанда бас қосты.

Олимпиаданың нәтижесінде 2025 жылдың шілде айында өтетін Халықаралық олимпиаданың ақтық мәресінде Қазақстанның намысын Қанат Нұрғанат қорғайтын болады.

Олимпиаданың жабылу салтанатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары жарыс қатысушыларына ізгі тілектерін арнады.

Жетекшісі Батырхан Худайбергеновті шын жүректен құттықтаймыз!

Қанат Нұрғанатты алдағы сында сүрінбей өтуіне тілектеспіз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar