МЕНЮ

«Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының «Qabilet» қызметі бөлімі мектеп жасындағы қабілетті оқушыларды бірге анықтауға шақырады!

«Qabilet» қызметі - мектеп жасындағы баланың қабілет деңгейін тестілеу арқылы анықтап, одан әрі дамыту бойынша орталық мамандары кеңес береді.

Диагностикалау бағыты оқушыларға қабілетін анықтауға көмектессе, ал ата-аналарға балалардың қабілеттері мен жасырын дағдыларын ашуға жәрдемдеседі. Сонымен қатар, модернизация заманында дамып келе жатқан әлемдегі ғылым мен технологияға сай баланың даму траекториясын құруға көмектеседі.

1) Жобамыздың диагностикалау қызметіне: 7-9 жастағы, 10-11 жастағы және 12-14 жастағы мектеп оқушылары қатыса алады.

2) Келесі кезеңдерде: биылғы 2024-2025 оқу жылында мектеп жасындағы 15-17 жастағы балалар қамтылу көзделуде.

Қызмет ақысыз негізде жүргізіледі және осы жастағы әр оқушыларға қолжетімді.

 «Qabilet» қызметімен бірге өзіңіздің «4К» қабілеттеріңізді анықтап қана қоймай, болашақ өмірге тұлға ретінде қалыптасуыңызға жол ашыңыз!

Құрметті тестілеуден өтуші қабілетті оқушы «Qabilet» қызметінің сілтемесінен өтіп: https://qabilet.elumiti.kz/ өз қабілетіңді анықта!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar