Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 16 қазан күні 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі Тараз қаласының білім бөлімінің №64 орта мектебінің базасында өтті.
Интеллектуалдық конкурсқа аудандық, Тараз қаласының және облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының 64 оқушысы қатысты.
Конкурстың мақсаты – туған жер тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойына ұлтжандылықты қалыптастыру, өзінің туған өлкесінің тарихын және құндылықтарын мақтаныш сезіммен жеткізуге бағыттау.
Конкурс екі кезең бойынша өтті:
I кезең – тестілеу, ll кезеңде оқушылар «Менің шағын Отанымның тарихы», «Шағын Отанымның символы», «Менің шағын Отанымның болашағы», «Менің шағын Отанымнан шыққан тұлғалар» номинациялары бойынша дайындаған жобаларын қорғап, эссе жазды.
Байқаудың қорытындысы бойынша 31 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, І орынды 4 оқушы, ІІ орынды 12 оқушы, ІІІ орынды 15 оқушы иеленіп,12 оқушы Алғыс хаттармен марапатталды.
«Менің шағын Отаным» конкурсының облыстық кезеңінде І орынды иеленген 4 оқушы интеллектуалдық конкурстың республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алды.
Жас тарихшыларды жеңістерімен құттықтаймыз!