МЕНЮ

«Мың бала» ұлттық олимпиадасынан қапы қалмаңыз!

«Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасына мұғалімдерді тіркеу 2025 жылдың 27 қаңтардан бастап 10 наурызға дейін жүргізіледі. Ал олимпиада үміткерлері 10 ақпанан 10 наурыз аралығында тіркеледі. Ауылдық жерде оқитын 6-сынып оқушылары 1000bala.elumiti.kz сайты арқылы тіркелуге болады.

Бірінші және екінші кезең тестілеуі онлайн платформасында өткізіледі. І кезең тестілеуінің жалпы ұсынылған көлемі кемінде 20 мин және 120 минуттан аспайды. Ұсынылған уақытты есептеу кем дегенде 45 секундқа созылатын бір тапсырманы оқуға және жауап беруге кететін сұрақтар мен уақытты қамтиды. ІІ кезең тестілеуінен өтуге ұсынылатын жалпы көлемі - 150 минут.

І-кезеңнің қорытындысы бойынша жоғары балл жинаған 5000 қатысушы ІІ - кезеңге өте алады. Ал екінші кезеңде финалистер арасында 1 000 жеңімпаз іріктеледі.

Айта кетейік, «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасы жыл сайын ауыл мектебінде оқитын 6- сыныптағы ең қабілетті 1000 оқушыны анықтап, еліміздің үздік оқу ордасында білімін ұштауға мүмкіндік береді.

Ал сіз олимпиадаға тіркелдіңіз бе?

#1000bala #qabiletkz #elumiti #KazakhstanSociologyLаb #ЭН2022 #smartustaz

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar