Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 11-13 наурыз күндері Астана қаласында Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының базасында «Ө.Жолдасбеков атындағы 11 (12) сынып оқушыларына арналған математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсы» өткізіледі.
Конкурстың мақсаты: математика және механика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтау.
Конкурс секциялары: 1. Математика; 2. Қолданбалы математика; 3. Механика; 3. Экономикадағы математикалық әдістер.
Жамбыл облысынан «Ө.Жолдасбеков атындағы 11 (12) сынып оқушыларына арналған математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсына 4 секция бойынша 4 оқушы қатысады.
Қатысушыларға сәттілік!