МЕНЮ

Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық (екінші) тестілеу кезеңі 19 желтоқсан күні өтеді

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №258 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірлігінің «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының 21.11.2024 жылғы № 2063/15-11-06 хатына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 19 желтоқсан күні Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалары конкурсының (екінші) тестілеу кезеңі Тараз қаласы, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының базасында өтеді.

Конкурстың мақсаты:оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, ең талантты, дарынды жас зерттеушілерді іріктеу мен оларға қолдау көрсету.

Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде «Дарын» РҒПО-ның онлайн түрінде  бір мезгілде өтетін тестілеу кезеңіне Жамбыл облысы бойынша Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының жобаларды қорғау кезеңінен жеңімпаз атанған 218 оқушы қатысады.

19 желтоқсан күні оқушылар 2 лек бойынша жаратылыстану-математикалық бағыты және қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 19 пән бойынша тест тапсырмаларын орындап, білім сайысына түседі. 

Барлық қатысушы оқушыларға сәттілік тілейміз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar