Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін тәрбиелеу, экологиялық сауаттылығын арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатты қорғауға бейімдеу мақсатында, сондай-ақ оқушылардың интеллектуалды - шығармашылық әлеуетін ынталандыру үшін 5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының республикалық кезеңін (бұдан әрі - Конкурс) 2025 жылғы 28-30 сәуір аралығында Астана қаласында өткізеді.
Конкурстың мақсаты – экологиялық мәселелерге қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Конкурс бағыттары:
Республикалық кезеңге Жамбыл облысынан 4 бағыт бойынша 5 оқушы 4 жобамен қатысады.
Қатысушыларға сәттілік!
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО-ның 2025 жылғы 05 наурыздағы ережесіне сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 2 сәуір күні конкурстың облыстық кезеңі Тараз қаласының білім бөлімінің № 64 орта мектебінің базасында өткізіледі.
Конкурстың мақсаты - экологиялық мәселелерге қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.
Конкурс бағыттары:
Облыстық кезеңге аудандық, қалалық білім бөлімдерінен 4 бағыт бойынша 84 оқушы 60 жобамен қатысады.
Қатысушыларға сәттілік!