МЕНЮ

9-11 сынып оқушылары арасындағы қазақ тілі мен әдебиетінен Қ. Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі

2025 жылдың 17 наурыз күні Тараз қаласының білім бөлімінің №67 орта мектебінің базасында 9-11 сынып оқушылары арасындағы қазақ тілі мен әдебиетінен Қ.Бітібаева атындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтеді.

Олимпиаданың мақсаты - Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету болып табылады.

Олимпиаданың негізгі міндеттері: оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетібойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету, патриотизмді, азаматшылықты дамыту, ұлттық мәдениетке, дәстүрлерге деген құрметті дәріптеу, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Олимпиаданың ұйымдастырушысы:  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar