МЕНЮ

Облыстық 5-8 сынып сынып оқушыларына арналған «Eco-Future» тақырыбындағы экодизайнерлер байқауының облыстық кезеңі 14 мамыр күні өткізіледі

2025 жылдың 14 мамыр күні «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында «Эко-күнтізбе» айдарында жоспарланған облыстық 5-8 сынып оқушыларына арналған «Eco-Future» тақырыбындағы экодизайнерлер байқауының облыстық кезеңі Тараз қаласының білім бөлімінің №4 мектеп базасында онлайн форматта өтеді.

Байқаудың мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаны қорғауға, өз туған өлкесінің экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған дизайнерлік қабілетін, креативті ойлау әлеуеті мен қоғамдық белсенділігін дамыту.

Байқаудың міндеттері: Оқушылардың экология саласындағы бастамалары мен тың идеяларын анықтау, қатысушылардың ұйымдастырушылық және дизайнерлік қабілеттерін дамыту, оқушылардың қоршаған ортаның  жай-күйі үшін экологиялық жауапкершілігін қамтамасыз ететін білім мен дағды жүйесін қалыптастыру.

Қатысушыларға сәттілік!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar