МЕНЮ

2025 жылдың 19-21 мамыр күндері, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің базасында жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасындағы IX республикалық «Шерхан Мұртаза оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауы өтеді

Байқаудың мақсаты – мектеп оқушылары арасында қазақтың халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ш.Мұртазаның шығармаларын насихаттау, қайраткерлік тұлғасын өскелең ұрпаққа кеңінен мазмұндап, тәуелсіз ел руханиятындағы маңызын зерделеу, егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосу.

Негізгі міндеттері:

- дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, Шерхан Мұртаза мұраларын оқып-үйренуге ынталандыру жолымен азаматтықты, патриотизмді қалыптастыру, әдеби мұралардың жүйелі оқылуын жолға қою;

- шығармашылық қабілеттер мен ғылыми-практикалық іс-әрекеттерге деген қызығушылықты анықтау және дамыту.

Қорытынды додаға еліміздің әр аймағынан 50-ге жуық үміткер қатысады.

Байқау 3 номинация бойынша өткізіледі:

1. «ЖҮРЕККЕ ЖОЛ ТАПҚАН ЖҰЛДЫЗ КӨПІР» номинациясы бойынша оқушылар жазушының шығармалары негізінде ( драмалары: «Ноқтаға басы сыймаған», «Сталинге хат», «Бесеудің хаты», «Жалғыз үйлік зілзала», «Домалақ ана») берілген теориялық сұрақтар мен үзінділерге әдеби, тілдік талдау жұмыстарын орындайды.

2. «ЗАУ ТҰЛҒА» номинациясы бойынша оқушылардың өз шығармалары (Ш.Мұртаза туралы жазған арнау өлеңдері) бағаланады.

3. «ШЕРХАН МҰРТАЗА МҰРАСЫ» (ғылыми жоба) номинациясында оқушылар зерттеу жұмыстарында Шерхан Мұртазаның прозалық, публицистикалық дүниелері, драмалық шығармалары, философиялық тұжырымдары, патриоттық рухта жазылған, ана тіл, ұлттық тарих, ұлттық құндылықтар, ұлт болашағы мәселесіне байланысты (оқушының таңдауы бойынша) тұжырымдары терең талданып, өзіндік пікірлер мен жаңалықтар көрініс табуы қажет. Тілден жазылған жағдайда Ш.Мұртазаның шығармалары тілдік тұрғыдан сауатты талданып, теориялық жаңалықтар болуы шарт.

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының «Жамбыл дарыны»
аймақтық ғылыми-практикалық орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
Semstar